Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да үш ауысыммен оқытатын мектеп жоқ

Бүгін облысымыздың 342 мектебі 95 мыңнан астам оқушыға өз есігін айқара ашты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да үш ауысыммен оқытатын мектеп жоқ
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Облыс бойынша 10 мыңға жуық бала алғаш мектеп табалдырығын аттап отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аймақтағы білім беру саласына үлкен көңіл бөлінуде, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Атап айтсақ, барлық мектептерде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, оқулықтардың толық жиынтығы бар және мектеп автобустары жұмыс істейді. Тиісті үйірмелер мен секциялар да іске қосылған. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу процесіне қажетті барлық заттар мен мектеп формасы толықтай сатып алынды.

Ағымдағы жылы өңірде бірден төрт жаңа мектеп пайдалануға беріледі - Риддер қаласында (мұнда 30 жыл бойы мектеп салынбаған), Қасым Қайсенов, Ұрынхай және Жолнұскау кенттерінде (Күршім ауданы). Өзге аудандарда да мектеп құрылысы жүргізілуде. ШҚО-да бір де бір үш ауысымды мектеп жоқ екенін атап өткім келеді. Биыл мектептердің барлығы бес күндік оқу аптасына ауысып, балалардың спортпен шұғылдану мен хобби үшін екі толық демалыс күні болады.

Осы орайда айта кеткен жөн, мемлекет басшысы өзінің бүгінгі Жолдауында апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі толық шешілетіндігін мәлімдеді.

2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті облыста 12 мектеп апаттық жағдайда екенін анықтаған еді.

Следующая →