Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина Өскемендегі поликлиникаларды аралады

Өңірдің бас дәрігері консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетудегі алғашқы мекемелердің маңыздылығын ескере отырып поликлиникалардың жұмысымен жіті танысуда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина Өскемендегі поликлиникаларды аралады
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан

Гүлмира Сағидуллина емдеу мекемелерінің медперсоналына халықтың дәрігерге кезек күту уақытын барынша қысқартуды тапсырып, бірақ бұл көрсетілетін қызмет сапасына әсер етпеуі керектігін ескертті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға ерекше көңіл бөлінуі керек. 

Сонымен қатар, бас дәрігер скрининг жұмысын жандандыра түсуді де тапсырды. Өйткені диагностика көп кеселдің алдын алатыны анық. Сондай-ақ, Гүлмира Сағидуллина медқызметкерлердің өздерін де реквакцинациядан өтуге, халықпен де жұмыс жүргізуге шақырды. Вакцина – әзірге коронавирустан қорғанудың жалғыз тәсілі. Поликлиника қызметкерлерінің өтініштерін тыңдаған ол барлық проблемалық сұрақтарды жеке бақылауына алды.

Айта кетейік, қала тұрғындары ревакцинация үшін өз тұрғылықты жеріндегі поликлиникаға жүгіне алады. Бұған дейін «Спутник V» алғандар 9 айдан кейін, ал QazVac алғандар 6 айдан кейін ревакцинацияланады. Оларға дәрігерлер, мұғалімдер, күштік құрылым қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен контингенті жатады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 50 жастан асқан өңір тұрғындары да ревакцина жасатып үлгереді.



Следующая →