Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
493.85
+1.68
519.04
-3.35
¥
68.16
-0.11
4.97
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі ауаны тазарту үшін қоғамдық көлік санын көбейту керек

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов осылай дейді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі ауаны тазарту үшін қоғамдық көлік санын көбейту керек
Фото:
редакция мұрағатынан

Комитет төрағасы Өскемендегі экологиялық мәселелерді шешу жолдарын атады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Біз Шығыс Қазақстанға, соның ішінде Өскемен қаласына үлкен мән береміз. Өнеркәсіптің әсерінен бөлек, қаланың Алтай тауларының қойнауында орналасуы ластанған ауаны желдің ұшырып әкетуіне де қолайсыз.

Ауаның ластануына келсек, бүгінгі таңда ластаушы заттардың негізгі көзінің бірі – «Қазцинк» металлургиялық компаниясы. 37 пайыздай соған тиесілі. Олар 2025 жылға дейін 100 млн доллар инвестиция бөліп, күкірт қышқылы цехтарын салатындарын айтып отыр. Ол цехтар күкірт диоксидін сүзіп қалатын болады. Кәсіпорынның негізгі проблемасы осы күкірт диоксиді болып отыр. Осы жоба іске асса, 2025 жылға дейін Өскеменнің ауасына тасталатын күкірт диоксидінің көлемін 25 пайызға дейін азайтамыз. Оның үстіне компания жаңа жүйеге көшпекші. Ол жүйеге көшсе, 10 жылдың ішінде ауаның ластануы айтарлықтай азаюы керек, - деген министрлік өкілі Өскемен жылу-электр орталығына да талаптар қойылғанын жеткізді.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін «Казцинк» ауаға тастайтын шығарынды көлемін 11 мың тоннаға азайтпақшы. Ал жылу-электр орталығы шығарындылар көлемін 20 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр.

Өзге де проблемалар бар. Әуежай ауданында жеке сектордан шығатын түтін мәселесі бар. Автомобильдер де аз ластап жатқан жоқ. Жергілікті билік жеке секторын орталықтандырылған жылуға қосу немесе газдандыру мәселесін қарап жатыр. Өте күрделі мәселе бұл. Қоғамдық көлік санын көбейту керек. Халықты қоғамдық көлікке отырғызу жағын ойластыру қажет. Бірақ ол көлік дизель жақпауға тиіс. Сарқын сулардың мәселесі де бар. Өзен жүйесіне келтірген зиян бойынша кәсіпорындарға үлкен айыппұлдар салдық, - деді Зұлфұхар Жолдасов.


Следующая →