Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да салынатын 156 үйдің 48-і Тарбағатайда бой көтермек

Тарбағатай ауданындағы әлеуметтік, көлік және инженерлік құрылым, интернет мәселелері шешім таппақ

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да салынатын 156 үйдің 48-і Тарбағатайда бой көтермек

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданында негізгі жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Әлеуметтік сала, көлік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, интернетке қол жеткізуге байланысты жобалар басымдыққа ие.

Ауданға жасаған жұмыс сапарым барысында мен бірінші кезектегі міндеттерді айқындауды тапсырдым, қазір құрамына барлық басқармалардың өкілдері кіретін комиссия бұл тізімді егжей-тегжейлі талдайды, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Әрине, сумен жабдықтау бойынша бірқатар жобалар, сондай-ақ қажет болған жерде блокты-модульді станциялар желілерін төсеу және жөндеу іске асырылатын болады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 156 үйдің 48-ін Тарбағатай ауданының 9 ауылында саламыз. Бұл жерде жас мамандар: дәрігерлер, мұғалімдер, ветеринарлар үшін тұрғын үй қарастыру маңызды.

Аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету үшін антенна-діңгек құрылыстарын орнату бойынша жұмыс басталғанын және мәселе бейінді министрлікпен де пысықталып жатқаны да белгілі болды.

Ал былтыр Шенгелді ауылында 80 орындық мектеп салынатындығы мәлім болған болатын.

Шенгелдідегі мектептің құрылысына келетін болсақ, мұнда 18 қыркүйекке дейін қолайлы типтік жобаны таңдап, келісімшарт аясында құрылысты бастау керек, - деді өңір басшысы.





Следующая →