Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кеше түнде Риддер қаласы мен Ұлан ауданындағы тұрғын үйлерде өрт шықты

Жыл басынан бері ШҚО-да пеш жағу кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан 306 рет өрт шыққан

Усть-Каменогорск и ВКО / Кеше түнде Риддер қаласы мен Ұлан ауданындағы тұрғын үйлерде өрт шықты
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Екі жағдайға да өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу себеп болып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

21 тамыз күні сағат 21.54-те Риддер қаласы Малая Таловка тар көшесіндегі жер үй шатырының ағаш конструкциялары, төбе жабындары, қабырғалар, жиһаз, терезе және есік блоктары, тұрмыстық техника, жеке заттар, сондай-ақ шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары (монша, гараж) өртенді. Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу.

Ал 22 тамыз күні сағат 02.09-да Ұлан ауданының Желдіөзек ауылында саяжай үйінде ағаш шатыр құрылымдары, төбе жабындары жанып кетті. Өрттің алдын ала себебі - жылыту пешін орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу.

ШҚО ТЖД жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда пештерді пайдалану кезінде өрт ережелерін сақтамау салдарынан 306 өрт тіркелгенін мәлімдеді.

ШҚО ТЖД пешпен жылытуды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы еске салады:

  • жанып жатқан пеш пен іске қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
  • пештің қызып кетуіне жол бермеңіз;
  • балалар мен отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелеріне пеш пен электр құралдарын сеніп тапсырмаңыз;
  • жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа да элементтері тікелей жылу беру маусымы басталар алдында күйеден тазартылуы тиіс:үш айда бір рет - жылыту пештері үшін; екі айда бір рет – үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін.


Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.


Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Өрт