Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайда Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдық мерейтойы тойланды

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында Дарабоз батыр Қабанбай Қожағұлұлының 330 жылдық мерейтойына арналған "Бабалар ерлігі ұлтқа мұра, ұрпаққа үлгі" атты ғылыми-теориялық конференция өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Тарбағатайда Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдық мерейтойы тойланды

Хан батырдың ерлігін ұлықтау шарасына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, "Кетбұға-Төлегетай" халықаралық қорының үйлестірушісі Манарбек Мұхамеджанов, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш, әскери тарихшы Қайрат Сағатайұлы, ақын, филология ғылымдарының докторы Жанат Әскербек, Тарбағатай ауданы әкімі Дархан Жөргекбаев және тарихшы, ғалымдар қатысып, дарабоз Қабанбай батырдың жаугершілік замандағы қаһармандығын, қолбасшылғын баян етті.

Қаракерей Қабанбай қатыспаған бірде-бір ірі шайқас болмаған. Қабанбай батыр осындай сұрапыл шайқастарда жекпе-жекке 103 рет шығып, барлығында жеңіске жеткен. Қазақ батырларына бас, ерлік істерге ұйытқы болған ұлы қолбасшы өз кезеңінде атты әскер соғысының мықты стратегі, жекпе-жектің тендесі жоқ шебері болған, - деді әскери тарихшы Қайрат Сағатайұлы.

Қаракерей Қабанбай батырдың жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ жерін жаудан азат етуде алпыс жыл ат үстінен түспеген ерен ерлігі ұрпаққа үлгі-өнеге.


Следующая →