ҚР-дағы білім ордаларында директорлар жеткіліксіз
Қазір 400-ден астам директор жаңа оқу орындарындарында жұмыс істеп жатыр
Мұғалімдерге қарағанда директорлардың жалақысы аз. Сол себепті келер жылы білім ордаларының басшыларының еңбекақысы мәселесі шешілмек, деп хабарлайды Устика LIVE тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Мектеп пен колледжге, балабақшаларға керек білікті директорлардың тапшылығы байқалып отыр. Қазіргі кезде біраз бос орын толтырылмай тұр. Әрине, мұғалімнің еңбегі мен біліктілігі өте маңызды. Бірақ барлық мәселені шешкенімен, білікті әрі білімді директор болмаса, онда басқа жасалып жатқан жұмыстар тиісті нәтижесін бермейтіні анық. Директорлардың жалақысы мұғалімдермен салыстырғанда аз екені белгілі, - деді Асхат Аймағамбетов.
Осы орайда министр директорларға үлкен жауапкершілік жүктелетінін еске салды.
Оларға түрлі айыппұлдар салып кетеді. Ата-аналармен және мұғалімдермен жұмыс істеу керек. Алайда директорлардың алатын жалақысы өте төмен. Сондықтан осы бағытта жаңа оқу жылында бұл мәселені шешу тұрғысында тиісті жұмыстарды атқарамыз, - деді ведомство басшысы.
Ротация тетігі ары қарай жалғасатынына тоқталған Аймағамбетов қазір 400-ден астам директор жаңа оқу орындарына барып, жұмысын жалғастырып жатқанын айтты.