Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО тұрғыны ағасынан қалған 3 атыс қаруын саңсыз сақтаған

Шығысқазақстандық полицейлер тұрғындардан тіркелмеген қару-жарақ тәркіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО тұрғыны ағасынан қалған 3 атыс қаруын саңсыз сақтаған
Фото:
Polisia.kz сайтынан

Шығыс Қазақстан облысында 15-19 тамыз аралығында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Шараның мақсаты – заңсыз сақталған атыс қаруын анықтау және қаруды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу.

Бұл күндері атыс қаруы мен оқ-дәрілерді анықтау және заңсыз айналымнан шығару, оларды сатып алу және заңсыз айналымға түсу көздерін анықтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұдан басқа, ұрланған азаматтық атыс қаруын іздестіру, АДБ есебінде тұрған қару иелерін анықтау, сондай-ақ оларды жауапкершілікке тарта отырып қару тәркіленуде.

Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге сала кетсек.

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде облыстың криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 3 атыс қаруын, оның ішінде бір ойық және екі тегіс ұңғылы атыс қаруын, сондай-ақ ойық қарудың 22 патронын тәркіледі, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Шаруа қожалықтарының бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылының 41 жастағы тұрғынының атыс қаруын заңсыз сақтағанын анықтады, одан “ИЖ-17”, 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Ер адам мылтықтың марқұм ағасынан қалғанын айтқан.

Тағы бір фактіні Глубокое ауданының ПБ қызметкерлері анықтады. Глубокое кентінің 32 жастағы тұрғыны үйінің жатын бөлмесінде 20 калибрлі “ИЖ-К” тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын жасырған. Тексеру кезінде ІІМ базасы бойынша алынған барлық мылтықтар “Криминалдық қару” ретінде тіркелмегені анықталды.

Жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы).


Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Заңсыз қару ШҚО ПД