Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Авто, мотокөліктің мемлекеттік нөмірін кімдер тегін ала алады

Полиция департаменті қай топтағы азаматттар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі үшін баж салығынан босатылатынын мәлімдеді

Новости Казахстана / Авто, мотокөліктің мемлекеттік нөмірін кімдер тегін ала алады

Полиция департаменті Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, мемлекеттік нөмір үшін баж салығын төлемеуге құқылы азаматтар санаты бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Азаматтардың келесі санаттары автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылады:

  • Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған адамдар;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдар 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған мүгедек адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның, мүгедек баланың ата-анасының бірі;
  • Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері бүгінгі күні автомобиль үшін 2,8 АЕК (8 576 теңге) және тіркемелер мен мотокөлік үшін 1,4 АЕК (4 288 теңге) құрайды.

Алайда бұл салық кодексінің жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беруге арналған нормасы 001-009, 100-999, 010-090, 777, 707, 077 (оның ішінде әріптік белгіленуі бірдей) қолданылмайды.

Следующая →