ШҚО-ға 272 тонна қант келе жатыр
Қазіргі таңда облыс бойынша барлық қант қоры 2439 тоннаны құрайды
Оның ішінде 1985 тонна "айналым схемасы" тетігі шеңберінде келісімшарт жасалды, 28 тонна кәсіпорындарда (наубайханалар, кондитерлер және т. б.), 374 тонна өңірдегі ЖШС қоймаларында және сауда объектілерінде 52 тонна, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚТЖ деректері бойынша жолда 4 вагон немесе 272 тонна қант келе жатыр. Бұдан басқа, "Өскемен Қант" ЖШС тағы 2 вагон қант жеткізуге төлем жасады, жеткізу тамыз айының соңында жоспарланып отыр, - дейді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасарының м.а Ертай Мүбаракұлы.
Демек Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауы бойынша қор көлемі өндірушілер мен көтерме жеткізушілерде жеткілікті көлемде бар. «Ертіс» ӘКК Мемлекеттік бағдарламалар департаментінің директоры Артем Демидов қантқа қатысты мынадай ақпаратты келтіріп өтті.
Бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде облыс Тараз қант зауытынан 35 вагон (2 373 тонна), Көксу қант зауытынан 21 вагон (1 424 тонна) қант алуға келісімшарт жасасты. Сатушының сауда үстемесі 19 тг/кг құрайды (вагонды қабылдау, түсіру, сақтау). Тиісінше, қантты сату бағасы 469 тг/кг құрайды. Вагондарды жеткізу апта сайын жүзеге асырылады. Тамыз айындағы орташа апталық түсім көлемі 406 тоннаны (6 вагон) құрайды. Бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша қант 123 сауда нүктесінде сатылады, оның ішінде 28 жерде қант келісі 469 теңгеден үстеме ақысыз, ал 95 сауда нүктесінде 15%-ға дейін сауда үстемесімен 539 теңгеден сатылуда, - деп атап өтті Артем Демидов.
Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында өңірде көтерме баға мониторингі және сауда үстемелерін қадағалау бойынша жұмыс топтары құрылды. Ақпан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша 8,3 мың рейд жүргізілген, бір апта ішінде 55 бұзушылық анықталып, бірден жойылды. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің деректері бойынша жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда үстемесін арттыру бойынша 113 өтініш келіп түскен.
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес 2021 жылғы 10 шілдеде баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік Комиссия құрылған болатын. 1062 көтерме сатушылармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және сауда объектілерімен ең төменгі 7% сауда үстемесін қолдану туралы меморандумдар жасалды. Сондай-ақ, облыс бойынша 27 әлеуметтік дүкен және 230 әлеуметтік бұрыш жұмыс істейді, онда негізгі тауарлар ең төменгі сауда үстемесін қолданумен сатылады. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тұрақты негізде үстеме бағасыз сату үшін жеңілдік қарастырылған 315 сауда орны берілуде. Өнімді сауда үстемесінсіз сату үшін облыста тұрақты негізде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мақсатында қалалар мен аудандардың әкімдіктері сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қорына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Тауарларды толықтыру жеткізу шарттарына сәйкес әдеттегі режимде жүзеге асырылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуде іркілістер байқалмайды.Бағаны ұстап тұру бойынша жұмыс тұрақты бақылауда, - деп атап өтті "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Мемлекеттік сауда саясатын іске асыру бөлімінің басшысы Анна Жанайдарова.