Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ислам ойындарының қола жүлдегері Денис Жолудевті жерлестері күтіп алды

Түркияның Кония қаласында үстел теннисінен Исламдық ынтымақтастық ойындарында жерлесіміз Денис Жолудев қола медальді жеңіп алған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Ислам ойындарының қола жүлдегері  Денис Жолудевті жерлестері күтіп алды
Фото:
ШҚО Спорт басқармасынан

Бүгін шығысқазақстандық спортшы Өскеменге оралды. Оны әуежайдан жерлестері салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

imgonline-com-ua-Resize-6ruS32PPskqRuiaI.jpg

Қатысушылар құрамы мықты болды – Иран, Сауд Арабиясы, Түркия, Өзбекстан, Сенегал, Әзірбайжан үшін халықаралық ареналарда сәтті өнер көрсетіп жүрген әккі теннисшілер ойнады. Кең зал, заманауи үстелдер, жанкүйерлер керемет атмосфера сыйлады, - деген еді Денис Жолудев жарыс туралы. - Жартылай финалда екі Олимпиада ойындарының қатысушысы Нима Аламианмен (Иран) кездестім. Оны 2018 жылғы Швециядағы әлем чемпионатында ұтқан едім. Алайда бұл жолы сәттілік иран спортшысына серік болды. Бірінші партияда көптеген қателіктерге жол беріп алдым, сол себепті оның оң жамбасынан келіп қалдым. Әрі қарай матч тең түсіп отырды. Нәтижесінде үшінші орынға ие болдым.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Жолудев мықты сегіздікке кіру үшін матчта Сауд Арабиясы құрамасының көшбасшысы Абдулазиз Бу Шулайбиден айласын асырды (3:1). Ширек финалда өте тәжірибелі, әлемдегі 65-ракетка Ибрагим Диаумен (Сенегал) кездесті. Төртінші партияда жалпы есепте 1:2 қалыс тұра ойынның соңына қарай алға шықты есеп – 13:11. Шешуші сетті 11:8 есебімен аяқтап, Жолудев жартылай финалға өтті. Финалға барар жолда Нима Аламианмен ойнап, иран спортшысы мықтылығын көрсетті.




Следующая →