Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Мектепке жол" акциясы аясында оқушылар оқу құралдарымен қамтылды

AMANAT партиясы көпбалалы отбасына оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыстады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Мектепке жол" акциясы аясында оқушылар оқу құралдарымен қамтылды
Фото:
AMANAT партиясының ШҚОФ баспасөз қызметі ұсынды

AMANAT партиясы "Мектепке жол" акциясы аясында ⠀Шығыс Қазақстан облысы бойынша аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табыстауда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.


Біздің партиямыз әрқашанда көпбалалы ата-аналарды қолдайды. Облыс бойынша "Мектепке жол" акциясы аясында біз көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан екі жарым мыңнан астам оқушыға оқуға қажетті құрал жабдықтар табыстауды жоспарлаудамыз. Игі шара бүгіннен бастап 30 тамызға дейін облысымыздың барлық аудан қалаларында жүзеге асырылатын болады, - деді AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалыатқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айгул Байжанова.


10 жыл көлемінде дәстүрлі түрде "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында ұйымдастырылып келе жатқан шараға депутатар, меценаттар, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және белсенді партия мүшелері үнемі қолдау білдіріп демеушілік жасауда.


Мен өзім екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі анамын. Жолдасымда тұрақты жұмыс жоқ. Төрт баланы мектепке дайындау әрине оңай емес. Бүгін AMANAT партиясының облыстық филиалы балаларға сөмке және өзгеде оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыстап бізге үлкен көмек көрсетті. Осы орайда тек алғыс айтамын. Көпбалалы отбасылар үшін "Мектепке жол" акциясы өте тиімді болып отыр, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны көпбалалы ана Әсел Мүшелбаева.

Следующая →