Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақыл-есінде ауытқуы бар болғандықтан басқалардан қорқып тығылып отыруы да мүмкін

ШҚО-да түн ортасында жоғалып кеткен баланы іздеу әлі де жалғасуда

Усть-Каменогорск и ВКО / Ақыл-есінде ауытқуы бар болғандықтан басқалардан қорқып тығылып отыруы да мүмкін
Фото:
ШҚО ПД

14 тамызда бала анасымен бірге ұйықтап жатқан. Анасы түн ортасында оянғанда баласының жанында жоғын байқаған. Бірақ бала қайтып өзі келер деген үмітпен полиция көмегіне жүгінбеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ПД мәлімдегендей, баланың ақыл-есінде ауытқуы бар, тұйық мінезді, сөйлемейді. Полиция ұқсас аурулары бар балаларды емдеуге маманданған медицина қызметкерлерінен ақыл-кеңес алған. Ол басқалардан әдейі жасырынып, оның атын атағанда жауап бермеуі мүмкін деген болжам бар.

Отбасының өзі қолайсыз отбасы ретінде есепте тұрған жоқ.

Кәмелетке толмаған Тамирлан Ахмеджанов жоғалып кеткен сәтте көк түсті жемпір, көк түсті трико, жасыл түсті жаздық аяқ киім (сланцы) киген. Белгілері: бойы 140 см, дене бітімі орташа, шашы қысқа, қара түсті, көздері ашық-қоңыр түсті, екі аяғында да бас бармақтың аймағында зақым бар (тырнақтардағы қара түсті), - деп хабарлады ШҚО ПД.

Қазіргі уақытта шамамен 2 400 саяжай учаскелері бар 6 бағбандық қоғамның аумағына тексеру жүргізілуде, олардың көпшілігі қараусыз қалған. Тексеру жаяу жүру тәртібімен де, қызметтік автомашиналар мен атты әскерлерді пайдалану арқылы да жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, таңертеңге қарай саяжай массивіне жақын жатқан көпқабатты үйлер, Жаңа Согра кенті пысықталды, шатырлы үй-жайлар мен жертөлелер қаралды. Дүкендердің, соның ішінде азық-түлік дүкендерінің барлық қызметкерлерімен әңгіме жүргізілді.

Құтқарушылар саяжай массиві ауданында ағып жатқан "Маховка" өзенінің арнасын тексеруді жалғастыруда.



Следующая →