Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +31°
$
449.76
+1.64
483
+1.90
¥
62
+0.17
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Өскемен дауысы" байқауының бас жүлдесі - iPhone 13

Өскемендіктер арасында өтетін "Өскемен дауысы" байқауына бүгінде жиырмадан астам үміткер өтініш білдірген

Усть-Каменогорск и ВКО /  "Өскемен дауысы" байқауының бас жүлдесі - iPhone 13

Байқау кәсіби әншілер емес, тек тасада қалып жүрген дарынды, әнге құмар өзге мамандық иелері арасында өтеді. Яғни, 17-50 жас аралығындағы әуесқой әншілер бақ сынай алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Өтінімдер эстрадалық вокал, фольклорлық вокал (халықтық), классикалық вокал жанрлары бойынша қабылданады.

Өтінімдер 8 тамыздан 19 тамызға дейін 8-705-526-16-40 WhatsApp арқылы нөмірі бойынша күн сайын сағат 18.00–ге дейін қабылданады. Өтінімде аты-жөніңіз, жасы, мамандығы мен өзі туралы қысқаша ақпарат көрсетілуі керек, - дейді Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Кристина Қанатқызы. - Осыдан кейін 20-21 тамыз күндері іріктеу кезеңі болады. Уақыты мен орны WhatsApp мессенджері арқылы қатысушыларға тікелей хабарланады.


Ішкі саясат бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, "Өскемен дауысын" блогерлер мен "Амадей" музыкалық студиясының өкілдері анықтайды. Ал ең үздік деп танылған әнші, яғни бас жүлде иегеріне iPhone 13 смартфоны табысталмақ.


Байқауға қатысқан үздік нөмірлер "Өскемен дауысы" гала-концертінде орындалатын болады.


Қосымша ақпаратты 87055261640; 87232265890 нөмірлері арқылы білуге болады.

Следующая →