Үйінен түн ортасында шығып кеткен өскемендік жасөспірім әлі табылған жоқ
Согра кентінде тұратын 12 жастағы Тамирлан Ахмеджанов 14 тамыз күні түнгі 02.30-да үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған
Жасөспірімнің ата-анасы балалары жоғалғаннан кейін 12 сағаттан соң полиция көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
14 тамызы сағат 14.21-де Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің 102 арнасына 14 тамыздың сағат 02.30 шамасында үйінен шығып қайтып оралмаған 2010 жылы туған кәмелетке толмаған Ахмеджанов Тамирлан Тимурұлын іздеуге көмектесу туралы өтінішпен жүгінді, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті. - Сигналды алған полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті, іздеу жұмыстарына сонымен қатар құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық Ұланы, волонтерлар тартылған да жұмылды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, квадрокоптер тартылып, үйлерді аралап тексерілуде.
Жоғалған баланы іздеу жұмыстарына кеше түнгі 22.00-дегі жағдай бойынша 500-ден астам адам кіріскен. Олар: 350 полиция қызметкері, ҚР Ұлттық Ұланының 100 әскери қызметкері, құтқарушылар мен еріктілер. Қызметтік иттер пайдаланылуда.
Баланы іздеу түні бойы жалғасып, қазіргі уақытта да белсенді жүргізілуде. Полиция қызметкерлері, ҚР Ұлттық Ұланының әскери қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер бала жоғалған аймақтағы саяжайларды, тұрғын үйлердің аулаларын, іргелес аумақтарды, қосалқы құрылыстарды, қараусыз қалған ғимараттарды тексеруді жалғастыруда. Жақын маңдағы егіс алқаптары мен өзен арнасын тексеру жұмыстары жалғасуда, - деп мәлімдеді ШҚО ПД. - Оқиға орнында қамқор азаматтар қажетті ақпаратты алуға және іздестіру шараларына қатысуға өтініш бере алатын жедел штаб құрылып, жұмыс істейді.