Өскемен
Бұлтты
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Семей
    -5°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -8°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Ақтау
    +7°
  • Атырау
    +5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +1°
  • Түркістан
    +7°
  • Орал
    -3°
  • Шымкент
    +5°
$
491.29
-0.39
562.92
-5.31
¥
71.25
-0.32
6.1
-0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде мемлекеттік қызметкерлер жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген

Риддер қаласында мемлекеттік қызметке жалған дипломмен отырған үш азаматқа қатысты тергеу жүріп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддерде мемлекеттік қызметкерлер жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген

Риддер қаласында жоғары білім туралы жалған диплом ұсыну фактілері анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Риддер қаласының прокуратурасы мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары лауазымдарына және қызметкерлерін тағайындау тәртібінің заңдылығын сақтауына жүргізілген талдау барысында жоғары білім туралы жалған диплом ұсынудың 3 фактісін анықтады.

Атап айтқанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын "Су каналы" мемлекеттік кәсіпорынының бастығы лауазымына, "Риддер қаласының мәдениет үйі" КМҚК бас есепшісі лауазымына, "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі"" ММ статистик қызметіне жұмысқа қабылдау кезінде жоғары білім алғаны туралы жалған құжаттар ұсынылған. Білім беру ұйымдары осы құжаттарды иелеріне беру фактілерін растамады, - деп мәлімдеді Риддер қалалық прокуратурасы.

Аталған фактілер Риддер қаласы прокуратурасының АЕК-да тіркеліп, материалдар Риддер қаласының ПБ-не жолданды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі 3 тергеп-тексеру басталды.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Риддер Мемлекеттік қызмет Жалған диплом