ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы ұлттық аккредитациядан өтті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қағидалары мен талаптарына сәйкес Ұлттық аккредитациядан 3 жыл мерзімге I санатты иелене отырып сәтті өтті
Аккредитациядан өту медициналық ұйымның Денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен сапа стандарттарына сәйкестігін растайды, сондай-ақ пациенттің медициналық қызметтердің тиісті сапасын және пациенттің қауіпсіздігін сақтау құқығын іске асырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы бұл қазіргі таңда заман талабына сай үлкен медициналық кешен. Оның құрамына жылына 35 мыңға жуық келушілерді қамтитын консультациялық-диагностикалық емхана, 200 орынға шақталған стационар, хирургия, урология, маммология және онкогинекология, сәулелік терапия, паллиативті көмек, анестезиология, жан сақтау және интенсивті терапия бөоімдері, сәулелік диагностика, орталықтандырылған зертхана, операциялық блоктары бар", - деп атап өтті ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Асем Қайратбек.
Бүгінде орталықта 250-ден астам мамандар қызмет етеді, ұжымның басты қағидаты – облыс жұртшылығын сапалы мамандандырылған онкологиялық көмек қамту болып табылады.