FAKE: Энергетика министрлігі газ экспортынан табыс табуға шақырмайды
Әлеуметтік желілерде Еуропаға мұнай мен газ экспортынан табыс табуға шақыратын платформа кең тарауда
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Еуропаға мұнай мен газ экспортынан жоғары кіріс алатынына сендіре отырып, газ саласындағы белгілі бір қаржылық платформалар туралы вирустық жарнама таралуда.
Вирустық жарнаманы ілгерілету кезінде ҚР Энергетика министрлігі басшылығының есімдері аталады. ҚР Энергетика министрлігі таратылатын вирустық жарнама жалған және шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдейді.
Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. ҚР Энергетика министрлігінің қызметі туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында ғана орналастырылады", - деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ҚР Қаржы мониторингі агенттігі тұрақты негізде қазақстандықтарды жалған қаржылық компаниялардан жалған ақпарат таратудың жиілеп кеткенін ескертеді, онда азаматтарды сендіру үшін танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін, жаңалықтар порталдарын пайдаланады, сондай-ақ қатысушы ретінде танымал тұлғаларды атайды.