Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жеті мектеп салынып жатыр

Өңір бойынша 2025 жылға дейін 33 мектеп салынбақ. Қазіргі уақытта 1520 орындық 7 мектептің құрылысы жүргізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жеті мектеп салынып жатыр
Фото:
Ұлан ауданы әкімдігінен

Бұл туралы облыстық ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Бекен айтты.

Республикалық бюджет есебінен 920 орындық 2 мектеп салынуда. Бұл Риддер қаласындағы 600 орындық және Ұлан ауданындағы 320 орындық білім ордалары. 350 орындық 4 шағын жинақты мектептің құрылысы офтэйк-келісімшарт бойынша жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Шағын жинақты мектептер Бесқарағай ауданы Жыланды ауылында, Күршім ауданы Жолнұсқау ауылында, Жарма ауданы Қапай батыр ауылында, Күршім ауданы Ұранхай ауылында бой көтереді.

Олардың құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Шемонаиха ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 250 орындық мектеп салынып жатыр.

Следующая →