ШҚО-да әлі де қызыл паспортпен жүргендер көп
ШҚО-да 90-нан астам тұрғын жарамсыз қызыл төлқұжаттармен өмір сүріп келген
ШҚО бойынша Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері күн сайын жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын, сондай-ақ 1974 жылғы КСРО паспортын уақтылы ауыстырмаған адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу бойынша жұмыстар жүргізеді деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетсек, жыл басынан бері ШҚО-да осы күнге дейін КСРО-ның қызыл паспорттарымен өмір сүген 90-нан астам азамат анықталды.
Олардың бірі 1983 жылы Ресей Федерациясынан көшіп келген 54 жастағы Шемонаиха ауданының тұрғыны, ол 16 жасқа толғаннан кейін 1974 жылғы КСРО паспортын алған, ал бірнеше жылдан кейін оны жоғалтып алған. Шемонаиха ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның Шығыс Қазақстан филиалының заңгерімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы арқылы Ресей Федерациясынан шет мемлекеттің азаматтығының жоқтығы туралы қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетті. Бүгінгі таңда ер адам көптен күткен құжатты алды, енді ол барлық мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады.
Осыған байланысты ШҚО бойынша ПД қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне хабарласуға кеңес береді.