Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайда өткен бәйгеде темір тұлпар қай өңірдің қанжығасында кетті?

Өр Алтайдың төрінде өткен республикалық бәйгеге 160-қа жуық сәйгүлік қатысқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Улкен Нарын (Катон-Карагайский р-он) / Катонқарағайда өткен бәйгеде темір тұлпар қай өңірдің қанжығасында кетті?
Фото:
Катонқарағай ауданы әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

«Шығыс Алтын тайы-2022» атты Катонқарағай азаматтарының жүлдесіне арналған Республикалық бәйгесіне Абай, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысынан 160 жуық сәйгүлік келіпті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Катонқарағай ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

Жүйріктер тай жарысы, жорға, құнан, топ бәйге және аламан бәйгеде бақ сынасты. Жеңімпаздарға Катонқарағай азаматтарының атынан тігілген екі автокөлігі және ақшалай сыйлықтар табысталды.

«Аламан бәйге» жарысында I орынды Қарағанды облысының жылқысы иеленіп, автокөлік ұтып алды. Ал II орын (1 000 000 теңге) Жарма ауданына, III орын (700 000 теңге) Үржар ауданына, IV орын (500 000 теңге) Ақсуат ауданына және V орын (бір жылқы) Күршім ауданының жылқысына бұйырды.

«Алтын Тай» жарысында I орынды Аягөз ауданыны, Ақтойғай ауылының Ақбастау атты жылқы иеленіп, автокөлік ұтып алды. «Алтын тай» жарысында тоғыз жүлделі орындар болды. Үздік келген Аягөз, Абай, Тарбағатай, Көкпекті, Үржар аудандарының жылқылары да қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Ал «Жорға» жарысында I орынды Семей қаласының Мырза торы атты жылқы иеленіп, 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.


Следующая →