Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 745 млн теңге бөлінеді

Биыл Шығыс Қазақстан облысында бизнес - идеяларды іске асыруға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 745 млн теңге сомасына 608 грант беру жоспарлануда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 745 млн теңге бөлінеді
Фото:
редакция мұрағатынан

Оның ішінде 312 жастар және 296 әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға грант берілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Кайргазинов баяндады.

Ағымдағы жылдан бастап, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес, өз бизнес-жобаларын іске асыруға гранттарды жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтары ала алады. Екінші санатқа атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы үшін жәрдемақы алатындар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, сондай-ақ еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедек адамдар, мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған азаматтар, сонымен қатар өңіраралық қоныс аударуға қатысушылар мен қандастар жатады.

Гранттар беру қағидаларына өзгерістер енгізілуіне байланысты гранттарға өтінімдерді қабылдау 25 шілдеге дейін уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта нысаналы топтардан өтінімдер қабылдау қайта басталды. 2022 жылдың 1 тамызына ШҚО-да 15 млн. теңгеге 12 грант берілді.

Грант алуға өтініш бергенге дейін әлеуетті грант алушылар жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеуі тиіс екеніне назар аудару қажет, - деп толықтырды Кайргазинов мырза.

Жиырма тоғыз жасқа толмаған жас кәсіпкерлер үшін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және грант алуға өтініш бергенге дейін үш жылдан кем болуы немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болуы тиіс.

Сонымен қатар 25 шілдеден бастап электрондық еңбек биржасында онлайн форматта "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды. Қазір өз ісін жүргізудің қыр-сырын 682 адам оқып жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылы грант алуға өтініштерді қабылдау 8 тамыздан басталады. Порталда өтініштерді қабылдау мерзімі әр лекте 10 жұмыс күнін құрайды.

Следующая →