Өскемендегі Аблакетка ауданында 140 орындық балабақша ашылады
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Аблакетка ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті
Шаһар басшысы мұндағы абаттандыру бойынша жоспарланған жұмыстардың барысын талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Промбаза аялдамасынан Геологическая, 26 мекенжайындағы үйге дейінгі аралықта асфальт жөнделді, - деп мәлімдеді Жақсылық Омар. - Геологическая, 2 мекенжайындағы үйдің тіреулік қабырғасын қайта құру бойынша жоба әзірленді. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде, ол осы айда аяқталады.
Жыл көлемінде бұл ауданда 9 учаскеде 329 жаңа жарық нүктесі орнатылып отыр. Тағы 2 учаскеде 28 жарық шамдарын орнату жоспарланған: Профсоюзная көшесінде және 1-ші Коммунальная көшесінің бойындағы спорт базасына апаратын жолда.
Сондай-ақ, 4 жаңа аялдама павильондары орнатылды: Шлюзная – 1, Гидросталь - 1, Храм – 2 павильон. Челюскина, 1 және Шлюзная, 1а мекенжайлары бойынша аулалар абаттандырылды.
Челюскина 17/1 мекенжайындағы ғимаратты балабақша ретінде қайта жабдықтау жұмыстары басталды. Биыл инвестор-компания мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында мұнда 140 орындық балабақшаны іске қосады, - деді Жақсылық Омар.
Айта кеткен жөн, бұрынғы "Асқар Тау" мейрамханасы мәдени және ойын-сауық орталығына айналды.