Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандық азамат өзі пайдалану үшін үйінде есірткі сақтаған

Үйінде есірткі сақтаған Жаңа Бұқтырма кентінің 45 жастағы тұрғыны ұсталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығысқазақстандық азамат өзі пайдалану үшін үйінде есірткі сақтаған
Фото:
polisia.kz

Шілде айының басында “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері есірткі сақтады деген күдікпен Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісіPolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктінің үйіне тінту жүргізу барысында ол жерден ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған полиэтилен пакет, ерекше иісі бар 6 түп өсімдік, жасыл түсті өсімдік тектес 5 таблетка түріндегі сығымдалған зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, пакеттегі зат салмағы 5 192,68 гр құрайтын кептірілген марихуана, салмағы 2 640 гр өсімдік тектес 6 түп каннабис (қарасора), сондай-ақ жалпы салмағы 501,32 гр гашиш екенін көрсетті.

Жауап алу барысында ер адам аталған заттарды өзі пайдалану үшін сақтағанын айтқан. Қаскөйге қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.


Следующая →