Енді Қазақстаннан Жапонияға 43 кәсіпорын жылқы етін экспорттайтды
Жапонияға жылқы етін экспорттай алатын қазақстандық кәсіпорындардың саны артты
Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жапонияның ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі арасындағы екіжақты белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде тиісті келісім жасалды. Осы орайда Жапонияға жылқы етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне тағы 9 қазақстандық ет өңдеу кәсіпорны енгізілді, - делінген министрлік мәліметінде.
Олардың арасында «Kaindy» ЖШС (Алматы облысы), «ASEM-ZHETYSU» ЖШС (Алматы облысы), «Meat processing Complex Bizhan» ЖШС (Ақмола облысы), «Asyl-Asyl» (Атырау қаласы), «Kuanysh» ЖК (Атырау қаласы), «Birlestic» ШҚ (Қарағанды облысы), «EURASIA INVEST LTD» ЖШС (Қарағанды облысы), «ARAY KZ»» ЖШС (Қарағанды облысы), «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС (Қостанай облысы) қамтылып отыр.
Бұған дейін аталған тізімге 34 қазақстандық кәсіпорын енгізілген болатын. Осылайша, бүгінгі таңда жалпы 43 отандық ет өңдеу компаниясы өз өнімдерін Жапония аумағына экспорттай алады, - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.