Ертең Өскемен қаласында дүмпулер естілуі мүмкін
Өскемен қаласының әкімдігі тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырады
Фото:
Өскемен қаласы әкімдігінен
Өскемен қаласындағы 24-ші шағын ауданда жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарына орай жүргізілетін жарылыстар 5 тамыз күні сағат 14.00-ден 17.00 аралығына жоспарланған.
Қала әкімдігі келтірілетін қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұрап, сабырлық сақтауға шақырады.