Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қандай жағдайда Пациенттерді қолдау орталығына шағымдануға болады?

Тиісті медициналық көмек немесе ем алмаған жағдайда облыс тұрғындары Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласа алады

Усть-Каменогорск и ВКО / Қандай жағдайда Пациенттерді қолдау орталығына шағымдануға болады?

Егер сізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу мәртебесінің болуын талап етсе, сізді учаскелік дәрігер болмаған жағдайда қабылдаудан бас тартса, қалай әрекет ету керектігін ШҚО ӘМСҚ филиалының медициналық қызметтер сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Гүлмира Қабдиева айтып берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер сіз осы емханаға аумақтық қағидат бойынша бекітілген болсаңыз да, үйге шақырту қызметін көрсетпесе, егер бейінді маманнан кеңес ала алмай жүрсеңіз, себебі ол дәрігер жоқ немесе қабылдауға бір айға толық жазылған болсаңыз, сізге денсаулығыңыздың көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілілмесе, жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса, дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса, өзін талапқа сай ұстамаса, сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз, егер сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданатын болсаңыз, сіз өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе тіркелімдерді анықтаған болсаңыз, жалпы, сізді медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмаса пациентті қолдау қызметіне хабарлассаңыз болады", - деп атап өтті өз сөзінде Гульмира Қонысбайқызы.

 Атап өткен жөн, көптеген жағдайлар жазбаша өтініш беруді қажет етпейді, бірақ пациенттің қолдау қызметі қызметкерінің іс-әрекеттерінің арқасында сол жерде шешіледі.

Следующая →