Өскемен
Ашық
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Семей
    -3°
  • Алматы
    +6°
  • Риддер
    -5°
  • Астана
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    +11°
  • Атырау
  • Қарағанды
  • Көкшетау
    -1°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +14°
  • Орал
  • Шымкент
    +12°
$
496
588.01
¥
71.8
6.42
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дан келген ұры алматылықтардың үйлерін тонап жүрген

Тергеушілер бас күдіктінің үш пәтер тонау оқиғасына қатысы барын дәлелдеді

Новости Казахстана / ШҚО-дан келген ұры алматылықтардың үйлерін тонап жүрген

Қылмыстық топты ұстау іс-шарасын криминалдық полиция қызметкерлері мен Алатау аудандық ПБ-ның жедел уәкілдері жүргізген, деп хабарлайды Polisia.kz. Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыстың басты қатысушы – С.есімді азаматтың үш пәтер ұрлығына қатысы барын дәлелдеді.

Қаскөй стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Үйдің қожайындары бар-жоғын тексерген соң, тұрғын үйге кірген. Білдірмей алып кетуге болатын нәрсенің бәрін алды – бұл алтын бұйымдар, қолма-қол ақша және тұрмыстық заттар. Үйлердің бірінен ұрланған геодезиялық құрал – невелир жасалған ұрлықтың біріне заттай айғақ болды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Айтпақшы, күдікті – 29 жастағы С есімді азамат ШҚО-дан келген, бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған, ал оның сыбайласы – 33 жастағы И есімді азамат Түркістан облысының тумасы, ұрланған мүлікті сатып алып жүрген. Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасуда. Қылмыстық дуэттің екі мүшесінің де бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Алматы Пәтер тонау