Өскемен
Бұлтты
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Семей
    -13°
  • Алматы
    +14°
  • Риддер
    -10°
  • Астана
    -18°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Ақтау
    +4°
  • Атырау
    +4°
  • Қарағанды
    -20°
  • Көкшетау
    -24°
  • Қостанай
    -22°
  • Қызылорда
    +6°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -23°
  • Тараз
    +9°
  • Түркістан
    +12°
  • Орал
    -8°
  • Шымкент
    +11°
$
489.17
-0.13
576.63
-2.31
¥
70.81
-0.02
6.38
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайға әуежай салынады, бірақ қашан екені белгісіз

Ел аузында "екінші Швейцария" атанып кеткен Катонқарағай ауданына келетін туристер саны жылдан жылға артып келеді. Соған орай мұнда әуежай салу көзделгелі қай заман

Усть-Каменогорск и ВКО / Катонқарағайға әуежай салынады, бірақ қашан екені белгісіз
Фото:
редакция мұрағатынан

Бұл жайлы облыстағы әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын баян еткен ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева мәлім етті.

2018 жылы өңірде әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары басталған. Бүгінде Өскемен мен Семейдегі әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары мәресіне жетті. Жақында Үржар ауданындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары аяқталды, - деді ол.

Айжан Рахымбаеваның айтуынша, қазір әуе айлағының ұшуға жарамдылық сертификатын алу үшін тиісті шаралар атқарылып жатыр. Алынған соң әуе рейстері бірден қайта жанданбақ. Демек, тұрғындар Алакөлге ұшақпен қатынай алатын болады.

Катонқарағай ауданында әуежай құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бірақ оның нақты уақыты әзірге белгісіз. Сондай-ақ 2024 жылға қарай Зайсан әуежайын реконструкциялау жұмыстары басталады, - деді басқарма басшысының орынбасары.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Катонқарағай Әуежай