Әлем чемпионы атанған тарбағатайлық Дарын Әскербек елге оралды
Италия жерінде өткен еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз алтын жүлдеге ие болған еді
17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жаһандық жарыста топ жарған палуан бүгін елге оралды, деп хабардайды Устинка LIVE тілшісі Buqara.kz сайтына сілтеме жасап.
Ең алдымен қолдау білдіріп, құттықтап жатқан ата-анама, достарыма, туыс-туған, жақындарыма алғыс білдіргім келеді. Мұны үлкен жеңістерімнің бастамасы деп білемін. Алда әлі халықаралық ареналарда көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатуымыз керек. Белдесуге келсем, АҚШ спортшысынан ұтылып жатқанда еш тоқтамау керектігін жіті ұғындым. Жалпы, мұндай жағдай алғаш рет болып тұрған жоқ. Осыған дейінгі көптеген жарыстарда жеңісті соңғы сәттерде жұлып кеткен кездер болды, - деді Дарын Әскербек.
Айта кеткен жөн, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылының тумасы 55 келіге дейінгі салмақта үздік шықты. Финалда АҚШ палуанымен күш сынасты.