«Мектепке жол» акциясы басталды
2022 жылғы 1 тамызда "Мектепке жол" жыл сайынғы республикалық акциясы басталды
2022 жылдың қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады. Осыған орай, биылғы акция балалар жылын жүзеге асыру аясында өткізіледі.
Акцияның ұраны - Мектепке жол — жақсылықтың шекарасы жоқ. Бұл акцияға еліміздің әрбір азаматы қатысып, өзінің азаматтық белсенділігін таныта алады және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындау үшін, олардың мектепке апарар жолы қуаныш пен шаттыққа толы болуы үшін атаулы көмек көрсете алады.
Акция 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.