Бақшасында марихуана өсірген өскемендік ұсталды
“Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі сақтады деген күдікпен облыс орталығының 44 жастағы тұрғынын ұстады
Тінту барысында жасыл-қоңыр түсті өсімдік тектес заты бар картон қорап, 4 полимерлі түйін және өсімдік тектес заты бар 2 газет түйіні табылды және алынды, сонымен қатар қаскөйден салмағы 7500 грамм болатын 39 түп қарасора табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамнан алынған зат салмағы 700 грамнан астам кептірілген марихуана, 2 грамнан астам гашиш болғанын көрсетті. Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және ҚР ҚК-ның 296-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.