Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
481.84
-1.02
531.33
-1.84
¥
68.66
-0.15
5.07
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да сотталған әйелдер Семей ядролық полигонының тарихымен танысты

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында елеулі із қалдырған Семей ядролық полигонының жабылған күні Шығыс Қазақстан облысындағы әйелдер колониясында танымдық шара өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да сотталған әйелдер Семей ядролық полигонының тарихымен танысты
Фото:
Polisia.kz сайтынан

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті ОВ-156/21 мекемесінің кітапханасында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін еске алуға арналған іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шара барысында сотталған әйелдер Семей ядролық полигонының құрылу және ашылу тарихымен танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара 29 тамызда ерекше күн қарсаңында өткізіліп отыр, себебі осы шара сотталған адамдар арасында патриоттық тәрбие қалыптастыруға және Қазақстан тарихы туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылғанына 31 жыл толады. Кеңес дәуірінде оған жүздеген ядролық сынақтар жүргізілді, бұл біздің еліміздің бүкіл шығыс бөлігінің радиациялық ластануына әкелді.

Сонымен қатар, сотталғандар ақпараттық-таныстыру стендін ұсынды, өйткені сотталған әйелдер арасында полигон туралы алғаш рет біліп, оның тарихын қызығушылықпен білген өскелең ұрпақ өкілдері де болды. Сол кездерде өткен қайғылы оқиғаларға сотталған әйелдердің көздері жеткендігі туралы мөлдіреген көздеріннен ақ байқалды.

29 тамыз – біз үшін тарихтағы бір күн ғана емес, бұл ядролық сынақтардың ауыр зардаптарын еске түсіру күні, – деп түйіндеді Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаменті ОВ-156/21 мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Анара Сабиева.



Следующая →