Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлан ауданында Ізғұтты Айтықовтың 100 жылдық мерейтойына дайындық басталды

Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықов 1926 жылы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған

Ұлан ауданында ҰОС батырлары І.Қ. Айтықов пен С.Н. Борозенецтің 100 жылдық мерейтойына дайындық жүріп жатыр.

Ұлы батырларымыздың құрметіне арналған мерекелік, салтанатты іс-шаралар қыркүйек айында өткізіледі. Біз жұмыс тобы мүшелерінің тілектерін ескердік. Батырларымызға арнап ескерткіштер орнатып, көше атаулары беріледі. Бұл жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу үшін қажет, өйткені олар әлемді фашизмнен қорғаған ата-бабаларымыз. Осының барлық жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу үшін өте қажетті, өйткені әлемді фашизмнен қорғаған ата-бабаларымыз есімдері ұмытылмау керек", - деді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.

 Таврияда С. Борозенецке арналған ескерткіш, мемориалдық тақта орнатылған. Мерейтойға орай Таврия ауылындағы көшелердің біріне С. Борозенецтің есімі беріледі. Сондай-ақ, Айтықов ауылында Батырлар бағын салу және І. Айтықовтың бюстін жасау жұмыстары аяқталуға жақын. 

Айта кету керек, Ұлан ауданының тумасы, батыр Ізғұтты Айтықовтың майдан жолы 1942 жылы жазда Сталинград түбінен басталады. Сталинград түбінде ғана ол 22 «тіл» әкеліп, 50-ден астам фашистің көзін жойды. Батыр ұл сондай-ақ Калинин, Белгород облыстарының жерін азат етісті, Батыс Двина жағалауына дейін жетті. Жауынгерлік тапсырмаларды ойдағыдай орындағаны үшін ол «Қызыл Жұлдыз», I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталады. 1944 жылы 22 шілдеде гвардия старшинасы Ізғұттыға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Следующая →