Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Баланы судан құтқарған жауынгер марапатталды

6 жасар баланы құтқарып қалған Ұлттық ұлан әскери қызметкері жоғары марапатқа ие болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Баланы судан құтқарған жауынгер марапатталды

Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан 6 жасар баланы құтқарып қалған Ұлттық ұлан әскери қызметкері Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы атынан «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісі және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының құқығымен «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды. 

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілде күні Үлбі өзенінде 6 жасар бала су ағынын еңсере алмай тұншығып жатқан жерінен 3477 әскери бөлімінің ефрейторы Тілек Құмарбеков дереу суға қойып кетіп, баланың қолынан ұстап, әупірімдеп жағаға шығарып үлгергені сол еді, кенет өзі су жұтып, тұншыға бастайды. Баланы құтқарып үлгергенімен өзі өзенге батып бара жатқанын көрген жағадағылар дереу көмекке келіп, Тілектің өзін өзеннен шығарып алады. Суда біраз қалып қойған ол есінен танып қалған. Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан бойда дәрігерлер Тілектің есін жиюға көмектеседі.

Жуықта баланы суға батудан аман алып қалған Тілек Құмарбековты Өскемендегі 3477 әскери бөлімінде салтанатты түрде марапаттау шарасы өтті. Ұлықтау кешіне бөлім басшылығымен қатар Тілектің ата-анасы қатысты. 

Қадірменді офицер мырзалар, әскери бөлімнің басшылығы, бүгін міне баламның батыл әрекетін батырлыққа балап, жоғары баға беріп, құрметтеп жатқандарыңызға үлкен алғыс айтқым келеді. Әскери адам болғасын, қызметтеріңізге адал болып, осылай адам өмірін ажалдан жиі арашалап тұруға жазсын - деді көпшілік алдында сөз алған Тілек Құмарбековтың әкесі Амантай Қашқанов. 

Сонымен қатар, бұл күні қарияны өрттен аман алып шыққан 3477 әскери бөлімінің жауынгері сержант Ризабек Қанапияновтың ерлігі де елеусіз қалған жоқ. Ол 7-маусым күні Өскемендегі Выскоковольтная көшесіндегі көршісінің үйін өрт шарпығанын байқап қалып, өз өміріне қауіп төнетініне қарамастан, дереу отқа оранған үйге қойып кетіп, үй ішінде орнынан тұра алмай жатқан қарияны сыртқа аман-есен алып шықан еді.

Следующая →