Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршімдегі Қойтас ауылына ауыз су құбыры тартыла ма?

Күршім ауданындағы Қойтас ауылының тұрғындары әлі суды шелектеп тасып ішеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Күршімдегі Қойтас ауылына ауыз су құбыры тартыла ма?
Фото:
Т. Қайрат ұсынды

Ауылда 80 үй бар. Құдығы жоқтар суды ауылдағы ескі құдықтан қысы-жазы тасуға мәжбүр, деп жазады Устинка LIVE тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауылда орталықтандырылған ауызсу әлі тартылмаған. Біраз жыл бұрын мектептен 500 метрдей жерге су тартқан. Бірақ одан су ішкен жан жоқ, себебі су жоқ. Бұл жерде қыста тоң екі метр тереңдікте жүреді. Ал мына орнатқан құбырлары 50-60 сантиметр ғана. Қазір кейбірі құдық қазып ішіп отыр. Құдығы жоқтар көшедегі ескі құдықтан су тасиды. Сапалы су ішіп отырған халық жоқ, – дейді ауыл тұрғыны Серікбек Әбілмәжүнов.

imgonline-com-ua-Resize-AJKzA6iVy3guvp.jpg

Әкімнің екі құдықтың да ешқандай бағдарламаға кірмейтіндігін айтты. Мемлекеттен де қаржы бөлінбепті.

Ауылға ауызсу су әлі тартылмаған. Бірақ екі құдық бар. Ешқандай бағдарламаға кірмейді. Мектепті салған кезде ауданның бұрынғы әкімі сол мердігерден көмек сұрап, ауылға екі құдық орнатып берген. Ол ешкімнің балансына қарамайды. Мемлекеттен де ақша бөлінген жоқ. Оның істейтін, істемейтінін білмейді екенмін. Ол жерде насостың қысымы жетпейді, тек мектепке ғана жетеді. Су тарту мәселесі бойынша ауданға өтінім жіберіп қойдық, – дейді ауылдық округ әкімі Талғат Қабибек.

Следующая →