Өскемен
Қалың бұлтты
-17°
  • Өскемен
    -17°
  • Семей
    -10°
  • Алматы
    +1°
  • Риддер
    -8°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    +5°
  • Атырау
    +2°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -13°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +14°
  • Орал
  • Шымкент
    +17°
$
496
588.01
¥
71.8
6.42
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Оператор РОП" қаржысы ауыл шаруашылық техникасын несиеге беруге жұмсалмақ

Қазақстанда отандық ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға арналған жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылады

Новости Казахстана / "Оператор  РОП" қаржысы ауыл шаруашылық техникасын несиеге беруге жұмсалмақ
Фото:
damu.kz

Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту ағымдағы лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының (РОП) қаражатын пайдалана отырып, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген кредит беру тетігін енгізу механизмін пысықтауда.

Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаппай жаңарту – өзекті мәселе. Қаржыландырудың барлық мүмкін көздерін пайдалану маңызды. ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетерлігі, 2022 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 3,5 млрд теңге көзделген. Ал араластыру арқылы лизингтік қаржыландыруға бөлінген қаржы көлемі – 7 млрд теңге.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ҚР Ауыл шаруашылығы техникасы Лизинг