ШҚО-да 2025 жылға дейін 14 жоба жүзеге асырылады
Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 2025 жылға дейін инвестиция көлемі 481 млрд теңге болатын 14 жобаны іске асыру көзделген
Оның ішінде ағымдағы жылы 62 млрд теңгеге 3 жоба іске асырылатын болады.
Олардың ішінде, өнімділігі жылына 200 тонна уран болатын АЭС үшін жылу бөлгіш құрамалар шығаратын өндіріске енгізілген зауыт ағымдағы жылдан бастап өз өнімін Қытай нарығына экспорттай бастайды. Инновациялық кәсіпорын Қазақстанға Атом станциялары үшін ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі шеңберіне кіруге мүмкіндік береді. Жоба атом өнеркәсібіндегі Қытай, Франция, Германия және АҚШ жетекші компанияларының табысты көпжақты кооперациялық тәжірибесінің жақсы мысалы болып табылады. Жобаны іске асыру нәтижесінде 2024 жылға қарай облыс экспортының көлемін жылына 149,5 млрд. теңгеге ұлғайту мүмкіндігі туады, - деп атап өтті ОКҚ брифингінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, Қазмырыш 750 мың тонна кен өндіретін "Rail-Veyor көлік жүйесін іске қосу арқылы долин-Обручев кенішінің өнімділігін арттыру" жобасын жүзеге асыруда.
Брифинг барысында спикер ағымдағы жылдың басынан бастап барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта бизнестің 4,4 млрд теңгеге 98 жобасы субсидияланып және кепілдендірілгенін, бұл негізгі капиталға инвестициялар көлемінің 107 пайызға және ШОБ-тан бюджетке төленетін төлемдердің 117 пайызға өсуіне ықпал еткенін атап өтті.