Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
478.54
+0.38
533.76
-1.16
¥
68.25
+0.18
5.17
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да агроөнеркәсіп кешені белсенді дамуда

Елімізде өсірілетін күнбағыс көлемінің 66 пайызы облысқа тиесілі екенін ескерсек, басты міндет оны қайта өңдеу көлемін ұлғайту болып табылады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да агроөнеркәсіп кешені белсенді дамуда
Фото:
ШҚО Ақпараттық орталығы АКҚ-дан

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік секторды дамыту бойынша алға қойған міндеттерін орындай отырып, Шығыс Қазақстан облысында өсімдік шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске асырылуда, тиімділігі жоғары дақылдардың алқаптарын ұлғайта отырып, егістіктерді әртараптандыру жүргізілуде.

Елімізде өсірілетін күнбағыс көлемінің 66 пайызы облысқа тиесілі екенін ескерсек, басты міндет оны қайта өңдеу көлемін ұлғайту болып табылады.

Жоғары сапалы дайын өнім нарығына шығу үшін ағымдағы жылдың басынан бері облыста қуаты 300 мың тонна ірі май экстракциялық зауыт пайдалануға берілді, Өскемен қаласында қуаты 50 мың тонна күнбағыс майы зауыты салынуда, - деп толықтырды ШҚО әкімі Даниал Ахметов ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.

Облыстың мал шаруашылығы тұрақты дамуда. Өткен жылы ірі қара мал саны 106 пайызға, ұсақ мал - 106,2 пайызға, жылқы - 112,5 пайызға, құс - 110,5 пайызға өсті. Тірі салмақта ет өндіру шаруашылықтардың барлық санаттарында 103,2 пайызға, сүт өндіру 104,8 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың соңына дейін сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 96 пайызға дейін артады, - деп толықтырды өңір басшысы.

Өскемен құс фабрикасы қайта жаңартуды аяқтап, құс етін шығару көлемін жылына 55 мың тоннаға дейін ұлғайтуда. Қуаттылығы жылына 1,5 мың тонна балық және балық өнімдерін құрайтын Аква фермасы пайдалануға берілді.

Қорытындылай келе, облыс әкімі ағымдағы жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша 42 тірек және спутниктік ауылда 5,2 млрд теңгеге 67 жоба іске асырылатынын атап өтті.

Следующая →