ШҚО тұрғыны 85 келі балықты тиісті құжаттарсыз тасымалдаған
Жиыны 85 келі болатын түрлі балық тиелген көлік Алғабас ауылы маңынан ұсталды
Маусым айының соңында ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері Күршім ауданының балық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, таңертең ертемен Алғабас ауылынан 6 шақырым жердегі саяжай жолында өз автокөлігімен 85 келі түрлі балық алып бара жатқан 49 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталған азаматтың қасында 38 келі шортан, 32 келі көксерке және 15 келі мөңке балығы болған. Келтірілген шығын 445 мың теңгеден астам сомаға бағаланады. Жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады.
Бүгінгі күні күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.