Толассыз жауын салдарынан Самардағы жолды су басты
Әлеуметтік желілерде Самар-Васильевская өткелі бағытындағы 106 шақырымды су басқаны туралы видеолар таралуда
Толассыз жауған жауын салдарынан жолды су басқан. Сама ауданы әкімдігі осыған орай су басудың алдын алу және жою жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.
Аталған учаскіге барып жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстым, - дейді Самар ауданының әкімі Раджан Сейітқанов. - "ОблШығысЖол" жол жөндеу компаниясының техникалары мен қызметкерлері, Миролюбовка ауылдық округі әкімшілігінің қызметкерлері су кедергісіз ағып кету үшін арықтар қазды. Қазіргі уақытта жағдай қалыпты.