Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО тұрғындарына биыл 3 млн тонна көмір қажет

Облыс әкімі күн суытқанда қарбалас тудырмас үшін қатты отынмен қазірден бастап қамдана беру қажеттігін ескертеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО тұрғындарына биыл 3 млн тонна көмір қажет
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша кезекті кеңес өткізді.

Өңір үшін қатты отынға деген жалпы қажеттілік шамамен үш миллион тоннаны құрайды, жылу көздері үшін 320 мың тонна (оның ішінде Риддер ЖЭО үшін де), халық үшін - 216 мың тонна сатып алынды. Қала мен аудандардың әкімдері барлық жөндеу жұмыстарын бақылауда ұстайды, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Өңір басшысы атап өткендей, шағын қазандықтардың дайындығы 60 пайызды, жылумен жабдықтау желілері - 50 пайыздан астам, сумен жабдықтау және су бұру желілері 85 пайызға, денсаулық сақтау объектілері 80 пайызға, білім беру объектілері - 100 пайызға, әлеуметтік қорғау объектілері - 92 пайызға дайын.

Көпқабатты үйлерді жылыту мауысына дайындау толық бақылауда, - дейді облыс әкімі. - Жетекшілік ететін орынбасарлары осы мәселелер бойынша әр бейсенбі сайын есеп береді. Бүгінгі күні қажетті отынның 50%-дан астамы Глубокое, Зайсан, Шемонаиха аудандарында және Риддер қаласына әкелінді. Қалған аудандар бұл жұмысты жандандыруы қажет. Сондай-ақ, әкімдер тұрғындардың отынмен қазірден бастап қамдана беруі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Өйткені суық басталғанда кезекте тұру қолайсыздық әкеледі.

Следующая →