Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО мен Абай облыстарында 90 мыңнан астам адам 4-ші ревакцинациядан өтуі керек

Тұрғындар санымен шаққанда, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентімен қамту бойынша 100% орындалды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО мен Абай облыстарында 90 мыңнан астам адам  4-ші ревакцинациядан өтуі керек
Фото:
редакция мұрағатынан

12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен емізетін аналар арасында Pfizer вакцинасының 1-компонентімен 110 021 адам егілсе (92,2%), 2-компонентін 108 269 адам алған (90,7%), деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО СЭБД-ға сілтеме жасап.

2022 жылғы 7 шілдедегі соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 711 462 (89%) коронавирусқа қарсы ревакцинациядан (үшінші бустерлік доза) өтті. Ревакцинация жүргізу коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеттің қалыптасуына әсер етеді, - деп мәлімдеді ШҚО СЭБД. - Облыстарда келесі вакциналар қолжетімді: QazVac, Sinopharm, Pfizer.

2022 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №25 қаулысына сәйкес қайта ревакцинациялауға жататын адамдар санаты анықталған болатын. Соған сәйкес, қазіргі уақытта екі облыста барлығы 37 635 адам 4-ші ревакцинациядан өтті, жоспар бойынша 90 649 адам өтуі қажет.

Өркениетті елдер арасында қайта ревакцинациялау COVID-19 айналымындағы және жаңа штамдарымен күресудің тиімді шараларының бірі ретінде танылды. ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, соның салдарынан біз бәріміз қалыпты бұрынғы өмірге орала аламыз. Вакцинацияның мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО СЭБД Ревакцинация