Ұлан ауданына Өскеменнен көмір жеткізу құны 30 мың теңгеге дейін барады
Ұлан ауданының әкімдігі тұрғындар үшін көмірді сатып алу және жеткізу Өскемен қаласының Сол жақ жағалау тұйығынан жүргізілетінін хабарлайды
Бүгінгі күні ауданның барлық елді мекендерінде көмір жеткізу бойынша әрбір жеке тасымалдаушымен мәселе пысықталып, алдын ала келісім жасалған екен. Сондай-ақ, елді мекендер бойынша көмір жеткізу кестесі дайындалған.
Жеткізу бағасы елді мекендердің қашықтығына байланысты 10 мыңнан 30 мың теңгеге дейін, - деп мәлімдеді Ұлан ауданы әкімдігі. - Барлық сұрақтар бойынша +7 (723) 382-73-68 телефонына хабарласуға болады. Қазіргі уақытта тұйықта қатты отынның жеткілікті мөлшері бар. Тұрғындардан жылыту маусымының басталуын күтпеуін сұраймыз, көмір сатып алуды қазірден бастау керек.