Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылады

Өскемен қаласындағы «Ульба» орталығының мақсаты мен қызметі өзереді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылады

Ұзақ жыдар бойы «Ульба» орталығында зейнеткерлер мен ардагерлер емделіп, денсаулыққа қажетті түрлі емдік шаралардан өтетін. Алайда жөндеу жұмыстарынан кейін орталықта аутизм және ментальды кемістігі бар 130 бала ем алатын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Мен бір жыл бұрын "Үлбі" әлеуметтік орталығын ерекше балалармен жұмыс істейтін орынға айналдыру бойынша бастаманы ұсынған едім. Қаламызға мұндай мекемелер аса қажет. Өкінішке қарай, ерекше қажеттіліктері бар балалар да аз емес. Олармен өзіндік тәсілдер арқылы жұмыс істеу керек, ал мұны мамандандырылған мекемелерде ғана қамтамасыз етуге болады. - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Аутизм және басқа да ментальды ауытқулары бар балаларды дамытуға арналған орталықты ашуды Өскемен қалалық әкімдік пен «Қамқорлық» қоры бірлесе қолға алды. Өскемен қаласының әкімдігі ғимараттың жөндеу жұмыстарына 143 млн теңге бөлді. «Қамқорлық» қоры орталықты жиһаздармен қамтасыз етуге 200 млн теңгедей бөліп отыр және қор арнайы оқыту бағдарламасын құрып, мамандарды даярлайды. 

Мұнда емдік дене шынықтыру, робототехника кабинеттері, lego-кабинет, тігін шеберханасы және тағы да басқа кабинеттер ұйымдастырылмақ. 

Жаңа орталық күз мезгілінде ашылады деп жаспарлануда. «Ульба» орталығында денсаулығын түзетіп жүрген зейнеткерлердің жағдайы не болары әзірге белгісіз. Дегенмен оларға жұмыспен қамту оратығы «Уба», «Выдриха» демалыс базаларында ем алу үшін жолдамалар беріп отырады. 

Сондай-ақ, мекеменің мамандары да жұмыссыз қалмайды. Себебі балалармен де дәрігерлер, психологтар жұмыс істеуі керек. Олардың барлығы біліктіліктерін арттырып, күзде балалармен жұмыс істеуге дайындалады.

Следующая →