Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да зығыр майы өндірілмек

Шығыс Қазақстан облысында тағы бір ірі май өндірісімен айналысатын зауыттың құрылысы аяқталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да зығыр майы өндірілмек
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Бүгінде облыс аумағында бүкіл Қазақстанды күнбағыс майымен қамтамасыз етіп отырған "Өскемен май зауыты" және Қытай еліне экспорттауға негізделген "Достық" май зауыттары жұмыс істеп тұр. Енді бұл қатарға жылына 400 мың тонна май өндіретін елдегі ең ірі біріздендірілген май экстракциялық зауыты қосылады. Ірі зауыт Предгороное ауылының маңында орналасқан.

1 жылдың ішінде аталмыш жобаға 30 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл зауытта 400 мың тоннадан астам күнбағыс дақылдары өңделеді. Біздің мамандар Еуропа елдеріндегі технологияларды меңгеріп, қазақстандық технологиямен ұштастыруда. Мұнда тек күнбағыс қана емес, рапс және зығыр сияқты басқа да майлы дақылдар өңделеді, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Бұл қазақстандық және халықаралық ең заманауи технологиялар сәтті синтезделген бірегей кәсіпорын. Зауыт шілде айында іске қосылады.

Айта кету керек, бүгінде зығыр майы Қазақстанда еш жерде өңделмейді. Зауыт аграршыларға егіс алқаптарының құрылымын майлы дақылдарды ұлғайту жағына қарай қайта қарауға мүмкіндік береді. Шикізатты тек Шығыс Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ елдің басқа өңірлерінен және көршілес Ресейден сатып алу туралы келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорынның экспорттық әлеуеті зор. Зауытта 300-ге жуық жұмыс орны ашылады, жалпы бұл жоба облыс агросекторындағы жағдайды түбегейлі өзгертеді.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Май зауыты