Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да әлімжеттікпен біреуге несие алғызатындар көбейген

Жастардың, әсіресе студенттердің арасында бопсалау, қорқытып ақша жинау сияқты жағдайлардың кездесетіні жасырын емес. Бірақ бүгінгі жастар бұрынғыдай тиын-тебенге емес, мыңдар мен миллиондар талап ететін болған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да әлімжеттікпен біреуге несие алғызатындар көбейген
Фото:
редакция мұрағатынан

Қазіргі банктер несие бергенде жұмысыңның бар-жоғына, зейнетақы жинағына қарамайды. Сол үшін де қазір біреудің қыспағымен жастар көп қарызға батуда.

Менің бауырыма өзінен 8 жас үлкен жігіт достарымен бірге 2-3 рет несие алғызған. Барлық қарыздарын қосқанда 1 млн теңгеге жуық ақша шықты. Ол несиелерді енді менің ата-анам төлеп отыр. Оның ішінде жылдам ақша беретін терминалдар, Kaspi несие және техникалық дүкеннен заттай алған несиелер бар. Заттарды алған сәттен-ақ, құжаттарымен қоса алып алған. Не қылған бассыздық. Полиция қызметкерлері болса, қазір істерді 2 ай қарап, "дәлелдердің болмауынан" деп жаба салады, - дейді қала тұрғыны.

Облыстық Полиция департаменті мұндай жағдайларға қатысты мүлдем жауап бере алмайтындарын айтты. Ал облыстық прокуратура жыл басынан бері қорқытып ақша алудың 15 жағдайы, мәжбүрлеп несие алғызудың 2 жағдайы тіркелгендігін хабарлады.

2022 жылдың өткен кезеңінде облыс бойынша қорқытып несие алғызудың 17 фактісі тіркелді, оның ішінде ақша - 15 факт, ұялы телефон - 1 факт, басқа да заттар-1 оқиға тіркелді. Бопсалаудың 17 фактісінің екеуі мәжбүрлеп несиелендіру фактісі бар, оның ішінде 1 ақшалай несие, 1 ұялы телефонға тауарлық несие, - деді ШҚО покуроры орынбасарының міндетін атқарушы Еділ Жұбанов.

Облыстың полиция органдарына кейіннен ақша қаражатын қайтармайтын үшінші тұлғалар үшін кредиттерді ерікті ресімдеу фактілері бойынша азаматтардың өтініш білдіру фактілері бар. Мұндай жағдайлар, әдетте, қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қамтымайды және қараусыз қалдырылады, өйткені олар қарызды өндіріп алу бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен реттелуге жатады. Жұдырықты түйіп тұрып алғызған несиелердің көпшілі осы ерікті түрде рәсімдеу фактісі бойын-
ша өтеді. Себебі арыз жазуға барғанда қорқытудың бірде-бір дәлелі болмайды.

Біреуді қорқытып ақша алғандар, бопсалағандар ҚР ҚК 194-бабы бойынша жауапқа тартылады. Оның ішінде дәрежелеріне қарай мүлікті тәркілеу, айыппұл салу, бостандықты шектеу және бостандықтан айыру жазалары қолданылады.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігі бойынша 5 адам сотталды. 2-бөлік бойынша мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастылған, - деп қосты Еділ Жұбанов.

Облыстық прокуратураның ақпараты бойынша, қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтардың жасы 18-ден 21 жасқа дейін, барлық қылмыстарды ер адамдар жасаған.

Мұндай қорқытып ақша жинаудың, босалаудың алдын алу үшін дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек.


Следующая →