Семейде бойжеткен көпірден секіріп кетті
Семей қаласының құтқарушылар Ертіс өзені бойымен Пристань ауданын патрульдеу барысында суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды
Қайықпен батып бара жатқан қыздың жанына жеткен құтқарушылар оны шығарып, жағаға жеткізіп жедел-жәрдем қызметіне табыс етті. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Оқиға орнына жеткен қыздың жақындары оның көпірден секіргенін айтқан.
Ата-анасы 1999 жылғы бойжеткеннің жаңа көпірге барып, бетон плитадан Ертіс өзеніне секіргенін айтты. Алайда бұл әрекеттің себебі белгісіз, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.