Ертең ШҚО-да 38 градус қатты ыстық әрі қатты жел соғады
Күндіз 25 маусымда Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі
Күндіз 25 маусымда Абай облысының шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД. - Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Төтенше жағдай қызметі халыққа сақтық шараларын сақтау қажеттініе ескертеді.
Мүмкіндігінше қатты ыстықта көшеде болуды шектеу керек, әсіресе ең ыстық сағаттарда – 11-ден 17-ге дейін, - дейді мамандар. - Егер сіз су жанында демалып жатсаңыз тек жабдықталған орындарда шомылыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйде шомылмаңыз және өз күшіңізді асыра бағаламаңыз.
Шығыс қазақстан облысы әкімдігінің 12.08.2020 ж. № 282 қаулысына сәйкес өрт қауіптілігінің жоғары сыныбы жұмыс істейтін аудандарда өрттердің алдын алу және қауіпсіздік мақсатында жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынады.
ТЖ туындаған жағдайда "112"қоңырау шалыңыз.