Ұлан ауданы әкімдігі тұрғындарды 100% таза ауыз сумен қамтымақ
Биыл Ұлан ауданындағы бірнеше ауылға орталықтандырылған ауыз су жүйесін және блокты-модульді станцияларды орнату жұмыстары басталады
Өткен жылы Сағыр ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары басталды. Енді биыл ауылдағы әр үйдің ауласына дейін таза ауыз су құбыры жеткізіледі.
Соңғы бірнеше жылда осы мақсаттарға айтарлықтай қаржы бөлінді. Біздің алдымызда халықты 100%-ға дейін таза ауыз сумен қамту міндеті тұр. Қазір бірнеше елді мекен бойынша жұмыстар аяқталды, Сағыр ауылында жұмыстар жүргізілуде және бірнеше ауылдарда жұмыстар басталады, - деді Ұлан ауданының әкімі Ренат Курмамбаев.
Ізғұтты Айтықов, Жоғары Тайынты, Пролетарка ауылдарында да биыл орталықтандырылған ауыз су жүйесін тарту жұмыстары басталады. Ал Алғабас, Баяш Өтепов, Огнёвка, Украинка, Бестерек, Макеевка ауылдарында блокты-модульді станциялар орнатылады.